Главная Новости FlyArystan мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға қолдау білдірді
03 мамыр 2024, 17:42 404

FlyArystan мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға қолдау білдірді

FlyArystan мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға қолдау білдірді

FlyArystan әуекомпаниясы корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың (БЦП, Даун синдромы және т. б.) оңалуына ықпал ететін «Территория Успеха» Қоғамдық бірлестігіне қолдау көрсету бастамасын жалғастырады.

Әуетасымалдаушы Айтрекер арнаулы жабдығын сатып алуға қолдау көрсетті. Бұл инновациялық құрылғы мүмкіндігі шектеулі жандарға сыртқы әлеммен тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік беретін таптырмас құрал. Айтрекер көз қолғалысын бақылай отырып адамның қайда және қанша уақыт қарағанын анықтап, қолдың көмегінсіз әртүрлі цифрлық қызметтерді пайдалануға, мәтінді теруге, дыбыстауға мүмкіндік береді. Сөйлеу қабілеті бұзылған жандар байланыстың мұндай баламалы тәсілі арқылы компьютер мен планшеттерді пайдаланып, қарым-қатынас орнатуға, оқуға және кәсіби қызмет етуге қадам басады. Ал балаларға ойлауды дамытуға және білім беру бағдарламасын игеруге көмектеседі. 

2016 жылы «Территория Успеха» оңалту орталығын құрған ерекше балалардың екі анасы, міне 8 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға көмектесіп келеді. Әуекомпания «Alem Connect» жобасы аясында Айтрекерді сатып алуға өз үлесін қосты, сондай-ақ жыл сайынғы «Арман теңізі» жобасын іске асыру үшін әуебилеттер ұсынып, қолдау көрсетті. Орталық мұндай мүмкіндіктің арқасында балалар мен олардың ата-аналарын теңіз жағасында оңалтуға жібере алады.

«FlyArystan мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту сияқты маңызды іске өз үлесін қоса алатындығын мақтан тұтады. Қоғамымыздағы инклюзивті бастамалардың маңыздылығына сенім білдіреміз. Аймақтағы жетекші лоукостер ретінде біз көмекке мұқтаж отандастарымыздың әл-ауқатын арттырып, қолдауды маңызды деп санаймыз. Біз жолаушыларымызды тек қанатымыздың астына ғана алмай, сонымен бірге өмірлік серік болуға ұмтыламыз» – деп FlyArystan президенті Эдриан Хэмильтон-Маннс бөлісті. 

«Мен бұл жабдық туралы интернеттен оқып, сатушылардан бағасының өте қымбат екенін білдім. Мұны біздің қалтамыз көтермейді. Кейінірек, біздің «Территория Успеха» орталығының базасында бұл жабдықтың сатып алатынын білдім және оңалту бағдарламасы аясында біз оны пайдалана алатынымызды естідім. Осы орайда менің балама, сондай-ақ бүкіл орталықтың балаларына мүмкіндік сыйлаған FlyArsytan әуекомпаниясына алғыс білдіргім келеді. Біз өте қуаныштымыз!» – деп «Территория Успеха» оңалту орталығында емделіп жатқан 14 жастағы Ерасылдың анасы Светлана бөлісті.

Қазіргі уақытта «Территория Успеха» оңалту орталығы Қазақстан аумағында Айтрекер құрылғысында жұмыс істей алатын тәжірибелі мамандары бар жалғыз орталық. «Alem Connect» пилоттық жобасының басты міндеті – мемлекеттік портал арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарды Айтрекерлермен қамтамасыз ету. Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда, мұқтаж жандар жабдықты жеке пайдалануға сатып ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін FlyArystan «Көмек» жобасын іске қосқан болатын. Жоба аясында халықтың кейбір санаттары, оның ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар да, жеңілдікпен әуебилеттерге қол жеткізе алады. Сонымен қатар, әуетасымалдаушы әлеуметтік жобалардың басқа да бағыттарына белсенді қатысады. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бағытындағы маңызды жобалардың бірі – 2023 жылдың жазында Абай облысында болған жойқын өрттен кейін орманды қалпына келтіруге бағытталған «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватымен бірлескен жоба болды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: