Главная Новости Мұнай құбыры алғаш қайда пайда болған?
24 сәуір 2024, 09:21 361

Мұнай құбыры алғаш қайда пайда болған?

Мұнай құбыры алғаш қайда пайда болған?

Алғаш рет мұнай құбырлары АҚШ пен Ресейде пайда болды. Мұнайшылар бұл идеяға қалай келді, қандай қиындықтар күтіп тұрды және инженерлер мен ғалымдар мұнай құбырларын ойлап табуда қандай рөл атқарды —  төменде соны ұсынамыз.

Американдықтардың ағаш мұнай құбырлары туралы арманы

1860 жылдың қарашасында  американдық Сэмюел Дункан Карнстың 17 жасында мұнай құбырларының көмегімен мұнай тасымалдау идеясы алғаш рет пайда болды. Карнс Бернинг Спрингс (Батыс Вирджиния, АҚШ) ұңғымасынан Паркерсбергтегі мұнай өңдеу зауытына дейін (Огайо өзенінің аумағы, Батыс Вирджиния, АҚШ)  мұнай жеткізу үшін  диаметрі 6 дюйм (15,24 см) ағаш құбырды орнатуды ұсынды. Ұңғыма 1840 жылдары Разбон ағайындарымен бұрғыланды. Құбырдың ұзындығы 36 миль (58 км) және кем дегенде өзен, сондай-ақ жылғалар мен жыралардың бірнеше қиылысы арқылы бір өткел болуы керек. Мұндай тас жол мұнай қозғалысының өздігінен ағатын режімді қамтамасыз ету үшін таңдап алынды. Сэмюел Карнстың әкесі оның идеясына үзілді-кесілді қарсы болды және оның ойын бекер әурешілік деп санады. Құбырдың өзі осылай салынбады: 1861 жылы АҚШ-та басталған азаматтық соңғыс өз басымдықтарын белгілеп берді.

1861 жылдың шілде-тамызында басқа американдық Эванс Шиппен ұзындығы 10 км Ойл-Криктен  Ойл Ситиге дейін  (АҚШ, Пенсильвания штаты)  құбыр желісін құру бойынша ұсыныс жасады. Өндірілген мұнайды қолданыстағы тәсілдермен — салдардағы жылғалар арқылы бөшкелерде қорытпамен тасымалдау және бұзылған жолдарда  жегіс жылқылардың көмегімен бөшкелерді жеткізу қаупі негіз болды. Шиппеннің есебі бойынша  құбырларды сатып алу және оларды төсеу шығындары 16 мың долларды құрауы керек еді. Құбыр желісін салу туралы идеяны ұңғымалардың иелері еш ынтасыз қабылдады. 

Құбыр желісі көлігі жобасын жүзеге асырудың келесі әрекетін Химан Джейнс 1861 жылы қарашада  «Тарр Фарм»  кен орнының өндіруші компанияларының жиналысында (Ойл-Крик, Пенсильвания, АҚШ) жүзеге асырды. Жоба жылға арнасының бойымен 100 мм ағаш құбыр желісін төсеу болды. Бірақ құбыр желісін салу олардың қызметтеріне деген сұраныстың айтарлықтай төмендеуіне алып келеді және олар күнкөріссіз қалады деп қорқатын мыңдаған мұнай тасымалдаушыларының наразылықтарының санына байланысты келісімшартқа ешқашан қол қойылмаған.

Алғаш рет Пенсильванияда құбыр желісін төсеуге арналған рұқсатты бір жылдан соң «Ойл Крик Транспорт Компани» компаниясы бірінші болып алды. Алайда 1860 жылдың басында технологиялар қойылған міндетті орындау үшін жеткіліксіз болды.

«Жүздеген металл бөліктері» және сифон принципі

Сонымен қатар, Пенсильваниядан келген тағы бір мұнайшы Дж. Л. Хатчинсон 1862 жылы нақты құбыр желісін сала алды. Ол төбеден өтіп, мұнай өңдеу цехына барып, сифон принципі бойынша жұмыс істеді: шығару жіберуден төмен болған кезде сұйықтық ағып жатты. Бірақ, шынында ол жұмыс істемеді, өйткені құбыр герметикалық емес еді. Жалпы адамдардың көпшілігі мұнайды құбырлар арқылы айдау алыпсатарлық схема деп есептеді, бұл істі қаржыландыратын адамдар есінен адасты және бұл іс оңға баспайды. Жүздеген

 металл бөліктерін ағып кетпейтіндей біріктіру мүмкін емес болып көрінді. Келесі жазда Хатчинсон тағы да 3 км құбыр желісін салып көрді. Ол ағып кетсе де, сорғылар мен құбырлардың тіркесімі жеткілікті түрде жақсы жұмыс істеді: 24 сағат ішінде 800 бөшке мұнай. Бірақ, келесі әрекет сәтсіз аяқталды. Келесі жылы ол ұңғымадан теміржолға дейін ұзындығы 5 км мұнай құбырын салғанда, оның тармағынан қатты ағып жатты.

Әлемдегі ең алғашқы мұнай құбыры

1865 жылы ашылған «Питол» қашықтағы кен орнына арналған жобаны Сэмюэль Ван Сайкл жүзеге асырды. Құбырдың ұзындығы 8 км, диаметрі 50 мм құрады. Құбыр желісі әрқайсысының ұзындығы 4,5 м  болатын соғылған темір құбырлардан тұрғызылды. Құбыр желісінің тас жолы «Питол» кен орнының оңтүстік-шығыс бөлігінен Батыс Ойл-Криктегі Миллер Фарм теміржол станциясына дейін шамамен 120 м биіктік құламасынан таулы аймақ арқылы өтті. Станцияда жүкті теміржол цистерналарына құю жүргізілді. Бүкіл жолдың жартысы жоталардың бірінен түсу болды. Әрбір құбыр  қысыммен жұмыс істеуге тексерілді. Құбырлар үсті-үстіне дәнекерленді. Сорғы жабдықтарын төсеу және таңдау әдісін әзірлеу бойынша жұмысты Сайкл компаниясының инженері Уильям Сноу жүргізді. Құбыр желісінің бір бөлігі 0,6 метр тереңдікке төселді, ал қалған бөлігі жер үстіне орналастырылды. Жобада  «Рид энд Когсвелл» компаниясының үш бу сорғысы пайдаланылды, олардың екеуі кен орнының өзінде және  тағы біреуі бірінші топтан шағын қашықтықта орнатылды. Құбыр желісін іске қосу 1865 жылғы 10 қазан деп белгіленді.

Құбыр желісінің өнімділігі сағатына 13 текше метрді құрады. Ойл-Криктегі станцияға күніне өндірілген мұнайдың шамамен 310 текше метрі түсті. Алайда, құбыр желілерін салу басқа көлік түрлерінің иелерінің құбыр желісін зақымдайтын көптеген әрекеттеріне тап болды. Оны сақтау үшін тіпті күзетші жалдады.

Әйтсе де, бұл  мұнай құбырын салудың әлемдегі алғашқы сәтті жобасы болды, мұнда барлығы ескерілді: ұзындығы, рельефі, қажетті сорғыларды таңдау, өнімділік. Жоба мұнай тасымалдауда төңкеріс жасады және жергілікті мұнай тасымалдаушылар монополияларының аяқталуының белгісіне айналды.

Менделеевтің Шуховпен бірге батыл идеясы мен тандемі

1863 жылы ресейлік химик-ғалым Дмитрий Менделеев (1834-1907) әлемде бірінші болып мұнай тасымалдауға арналған темір мұнай құбыры мен темір цистерналардың ғылыми негізделген идеясын ұсынғанын атап айту керек. «Қалаларды жарықтандыру үшін мұнайды пайдалану туралы» атты өзінің жұмысында ол қалаларды жарықтандыру мен жылыту үшін мұнайды пайдалануды ұсынды, сондай-ақ арнайы құбыр желілері арқылы мұнай тасымалдау қағидаттарын жазды.

Тек содан соң, американдықтардан кейін, 1878 жылы, жоба бойынша ағайынды Нобель — Роберт пен Людвигтің тапсырысы бойынша және инженер Владимир Шуховтың техникалық басшылығымен Балаханск кен орнынан Баку мұнай өңдеу зауыттарына мұнай айдау үшін ұзындығы 10 шақырымға жуық Ресейдегі алғашқы «Балаханы – Қара қала» мұнай құбыры салынды. Жоба мұнай құбыры жолындағы барлық техникалық инфрақұрылым құрылыстарын және әлемдегі алғашқы цилиндрлік резервуарлар-Шуховтың мұнай сақтау қоймаларын қамтыды. Болат құбырларды муфталар мен иір ойықты ұштарының көмегімен біріктірді. Алайда, Америкадағыдай жаңалықты енгізуге бәсекелестер — салынып жатқан конструкцияларды бірнеше рет өртеп, сындырған ат арбаларының иелері қатты кедергі келтірді. Проблеманы периметр бойынша күзет қою арқылы шешті.

Дегенмен, тасымалдауға арналған шығыстар көзді ашып жұмғанша 5 есе төмендеді! Мұнай құбыры да бір жыл ішінде өз жемісін берді, бұл басқа мұнай өндіруші компанияларды сол жолмен жүруге мәжбүр етті. Құбырлардың болашағы бар екені анық, ал ат арбаларының иелері өздеріне басқа қолданбаларды шұғыл түрде іздеуі керек. Келесі жылы мұнай компаниясының тапсырысы бойынша Лианозова Шухов біріншісінен сәл ұзағырақ (13 шақырымнан астам) екінші мұнай құбырын, сондай-ақ әлемдегі алғашқы қыздырылатын мазут құбырын салды. 1890 жылға қарай Балаханада жалпы ұзындығы 300 км-ге жуық 25 құбыр пайдаланылды, олар арқылы тәулігіне 20 мың тоннадан астам мұнай айдалды, ал бұл аталық әдістерге қарағанда 5 емес, 10 есе арзан болды.

Үш жылдан соң 1881 жылы әлемде алғаш рет ағайынды Нобельдер мұнай мен мұнай өнімдерін теміржол арқылы цистерналарда тасымалдай бастады.

Менделеевтің мұнайға сіңірген еңбегі

Бұлардан басқа, Менделеев бөлшек мұнай айдау схемасын жасады, сондай-ақ мұнайды үздіксіз айдау үшін арнайы аппараттарды құрастырды. Сонымен қатар, бензин мен керосинді айдағаннан кейін қалған мұнайдың құрамында таңдаулы майлау майлары бар екенін дәлелдеді. Олар мұнайдың бейорганикалық шығу теориясын да тұжырымдады.

1881 жылы шілдеде ғалым өзінің қойын дәптерінде  мұнайды термиялық өңдеу мүмкіндігін білдіре отырып, «Мұнайды 300-400 градус қыздырылған құбырлар арқылы өткізу» деп жазды, содан кейін оны отандық инженерлер мен ғалымдар термиялық крекинг түрінде жүзеге асырды.

1882 жылы Менделеевтің ұсынысы бойынша ағайынды Нобельдердің зауытында үздіксіз жұмыс істейтін мұнай өңдеу қондырғысы қолданылды

1884 жылы Дмитрий Ивановичтің қатысуымен Баку мұнай өнеркәсіпшілерінің 1-съезі шақырылды.

Ал 1907 жылы ғалым қайтыс болған жылы ұзындығы 883 шақырым, 16 сорғы станциясы бар Баку – Батум алғашқы магистральдық құбыры пайдалануға берілді, ол тек керосинді айдауға арналған.

Кейінгі жылдары мұнай құбырларын салу технологиясы дамуын жалғастырып келеді және олар қазір бүкіл әлем бойынша мұнай тасымалдаудың негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Мысалы, «ҚазТрансОйл» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) — магистралды мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы. Компания 5,4 мың шақырымға созылған магистралды мұнай құбырларының әртараптандырылған желісін басқарады.

Дереккөз: "ҚазМұнайГаз" компаниясының ресми сайты

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: