Главная Новости Теміржолшылар ҰОС ардагеріне шипажайға жолдама сыйлады
25 сәуір 2024, 13:30 583

Теміржолшылар ҰОС ардагеріне шипажайға жолдама сыйлады

Теміржолшылар ҰОС ардагеріне шипажайға жолдама сыйлады

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары ҰОС ардагері Төлеген Жүнісовке шипажайға жолдама алып берді. Ұлы Жеңістің 79 жылдығын қарсы алғалы отырған жүзден асқан ардагер қаладағы «Нұр» шипажайында демалады.

Бүгінде облыстағы көзі тірі санаулы соғыс ардагерінің бірі Аман Кубенов басқаратын Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының есебінде, ертеректе теміржолдың осы саласында еңбек еткен. Жеңіс мерекесі қарсаңында ұжым басшылығы мен кәсіподақ кеңесе келе қарт майдангерге осындай сыйлық жасауды ұйғарды. Сауықтыру шипажайында 10 күн ем-дом алып тынығуына  жағдай жасап берді. Наурызда ақсақалды құттықтай барған бөлімше басшылығына ардагердің отбасынан осындай өтініші болғаны да назарға алынды.    Шипажайдың құнын ортадан қаражат жинап дистанциялықтар өздері төледі.  

Еске сала кетсек, байырғы теміржолшы ҰОС ардагері Төлеген Жүнісов 1923 жылы Тереңөзек ауданында дүниеге келген, соғысқа бастан-аяқ қатысып, майдандағы ерлігі үшін бірнеше орден-медальдармен марапатталған. Жеңісті Германияда қарсы алып, соғыстан кейінгі қалпына келтіру науқанына да қатыстып, елге оралған соң ұзақ жыл теміржолда еңбек етіп зейнетке шыққан.    

– Жасы жүзден асқан ҰОС ардагеріміздің хал-ахуалын әрдайым назарда ұстап, мүмкіндігінше қолдау білдіріп отырамыз. Бүгін де дистанция басшылығымен атамызға амандаса барып, жолдамасын табыс етіп, батасын алып қайттық, – деді дистанцияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова.

Сабырхан Сейілбекұлы

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: