Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарын, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды сумен сенімді әрі үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.
2026 жылғы 10–13 қараша аралығында «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырының 696-шақырымында Манашы өзені арқылы өтетін ұзындығы 130 метр жаңа әуе өткелін қосу жұмыстары орындалды.
Өткел отандық өндірістен шыққан, диаметрі 1220×12 мм, 17Г1С маркалы болаттан жасалған, сыртқы коррозияға қарсы күшейтілген жабыны бар спиральді жапсарлы болат құбырдан салынды.
Жұмыстарды орындауға «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы мен «Магистральды Су құбыры» ЖШС-нің 50-ден астам маманы және 12 арнайы техника жұмылдырылды.
Жұмыс барысында өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Жұмыстар жүргізілген кезеңде мамандандырылған мердігер ұйымдардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылып, нысанда жедел медициналық жәрдемнің көшпелі бригадасы кезекшілік етті.
Жұмыстарды жүргізудің бекітілген жоспарына сәйкес жаңа учаскені қосуға 72 сағат бөлінген болатын. Екі кәсіпорын мамандарының үйлесімді жұмысы, тиімді өзара іс-қимылы және өндірістік процестің нақты ұйымдастырылуы нәтижесінде барлық жұмыс белгіленген мерзімнен бұрын аяқталды.
«Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбыры – Қазақстанның батыс өңіріндегі сумен жабдықтау жүйесінің негізгі нысандарының бірі. 1987 жылы пайдалануға берілген су құбыры Атырау және Маңғыстау облыстарының су тапшылығы бар аудандарына Еділ суын жеткізеді.
2018 жылдан бастап су құбырын «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес кәсіпорны – «Магистральды Су құбыры» ЖШС пайдалануға жауапты. Кәсіпорын құбырларының жалпы ұзындығы 2 311,66 шақырымды құрайды. Су құбырының сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуі екі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Осыған байланысты инфрақұрылымның техникалық жай-күйін тиісті деңгейде ұстау және жөндеу-профилактикалық жұмыстарды уақтылы жүргізу кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі саналады.
Жаңа әуе өткелін қосу – магистральдық су құбырын жаңғыртудағы маңызды кезең. Жобаны іске асыру инфрақұрылымды пайдалану сенімділігін арттыруға, суды қауіпсіз әрі үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге және Атырау мен Маңғыстау облыстарының тұрғындары мен кәсіпорындарын тұрақты сумен жабдықтауға мүмкіндік береді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне