Главная Новости Берік қатынас – бірлік бастауы. Видео
08 тамыз 2022, 09:45 1034

Берік қатынас – бірлік бастауы. Видео

Берік қатынас – бірлік бастауы. Видео

Қаражанбас мұнайшылары кәсіби дағдылары мен тұлғалық қасиеттерін шыңдауды жалғастыруда. Бұл жолы оқыту тренингіне II вахта ауысымының цех және бөлім басшылары мен орталық кеңседегі департамент директорларымен қатысты.

Корпоративтік мәдениет пен командалық рухты дамытуға бағытталған іс-шара қызықты тимбилдингтен басталды. Командалық ойындар барысында қатысушылар түрлі жағдайлардан бірлесіп жол тауып, тұрақтылықты сақтауға тырысты. Бірлігі жарасқан жұмысшылар бәсекеден гөрі ұжымдық рухты жоғары қойып, бір-бірін жеңіске жетеледі.

Іс-шара белгілі бизнес-тренер Ерлан Мұстафиннің дәрісімен жалғасты. Ол мұнайшыларға келіссөздер жүргізудің ерекшеліктері, қажетті нәтижені бекіту және ортақ мақсаттарға қол жеткізу туралы айтты. Осылайша, іс-шарада қаражанбастықтар тәжірибе алмасып, әріптестік қарым-қатынастарын нығайтты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: