Главная Новости Еркебұлан Ілиясов: Отандық тауар өндірушілер «Самұрық-Қазынаның» қолдауына ие. Видео
22 қаңтар 2022, 15:07 1517

Еркебұлан Ілиясов: Отандық тауар өндірушілер «Самұрық-Қазынаның» қолдауына ие. Видео

Еркебұлан Ілиясов: Отандық тауар өндірушілер «Самұрық-Қазынаның» қолдауына ие. Видео

«Қазақстан» ұлттық арнасының эфирінде болған «Ашық алаң» бағдарламасында «Самұрық-Қазына» АҚ Үкімет және қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Әйтенов, Alageum Electric компаниясының Директорлар кеңесі төрағасы Еркебұлан Ілиясов, Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбек, журналист Мақат Садық және экономист Бауыржан Исабеков «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын реформалау жөніндегі өз ой-пікірін ортаға салды.

Қазақстанда трансформатор мен шағын трансформаторлық қосалқы станцияларын шығаратын Alageum Electric компаниясының Директорлар кеңесі төрағасы Еркебұлан Ілиясовтың айтуынша, «Самұрық-Қазына» қорының отандық өндірісті қолдаудағы үлесі зор. Бұл ретте қор ешбір елде жоқ және бұған дейін мемлекет тарихында да болмаған қолдау тетіктерін қолданысқа енгізген.

«Қазақстанда кәсіпкерлер негізінен сатып алудың екі түрі – мемлекеттік және «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу жүйесіне қатысатын болса, мойындау керек, Қордың жүйесі бірінші орынға шығады. Ашықтығы, цифрландырылуы, автоматтандырылуы жөнінен оған басқа жүйе теңесе алмайды. Оның үстіне, «Самұрық-Қазына» отандық тауар өндірушілерге кепілдік береді. Мәселен, біздің компаниямызға жеті отандық тауар өндіруші кәсіпорын кіреді. 2015 жылы Орал қаласында зауыт салып, өнімнің 95 пайызын Ресейге экспорттап отырсақ, қазір Петропавл қаласында тағы бір зауытымыз бой көтеріп жатыр», – деген ол мұның «Самұрық-Қазына» қорының қолдауы арқасында ғана жүзеге асқанына тоқталды.

Айтуынша, бұған дейін кернеуі жоғары трансформаторлар тек шетелден әкелінсе, қазір компания бұл тауар түрімен отандық нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да шыққан.

«Сондықтан тауар өндіруші ретінде бір көзден сатып алу жүйесін қолдаймын. Бұл қажет нәрсе. Бірақ, бұл біздікі секілді Қазақстанда тауардың нақты түрін бір зауыт қана өндірген жағдайда жүзеге асады. Ал Президент сын айтқандай, қызмет түрлері бойынша арнайы бір мердігер компанияға лайықтап техникалық сипаттама жазылатын болса, бұл дұрыс емес. Тауар емес, қызметті сатып алу мәселесіне келгенде, тиімді шешімдер қарастырылуы тиіс», – деді кәсіпкер.

Еркебұлан Ілиясов, сондай-ақ, жаңа зауыттар салуда мемлекетке де, шетелдік не отандық кәсіпорындарға да емес, «Самұрық-Қазына» қорына сенгенін сөз етті.

«Бұл сенімді ұялататын – «Самұрық-Қазына» қорының беріп отырған кепілдігі. Осы кепілдік бізге өндірген тауарымыздың өз сатып алушысын табатынына көзімізді жеткізеді. Бұл ретте «Самұрық-Қазынаны» таратып, оның активтерін салалық министрліктерге үлестіріп беру дұрыс емес болар еді. Өйткені, қазір Қазақстан Еуразиялық одақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы сынды құрылымдарға мүше. Олардың талабы бойынша, ұйымға мүше мемлекет өзінің отандық өндірушілеріне тікелей қолдау көрсете алмайды. Яғни, бұл жағдайда біз «Самұрық-Қазына» беріп отырған кепілдіктен айырылып қаламыз. Тек біз емес, Қазақстандағы зауыт-фабрика иелерінің бәрі де осы пікірде. Мен өз кәсіпорнымды мысалға ғана алып айтып отырмын, әйтпесе, отандық тауар өндірушілердің бәрінің де «Самұрық-Қазына» қорына алғысы шексіз», – деді Alageum Electric компаниясының Директорлар кеңесі төрағасы.

Ол сонымен бірге мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру қажеттігі жөніндегі пікірлерімен де бөлісті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: