Главная Новости Жетібай кен орнында жаңартылған асхана пайдалануға берілді
12 января 2026, 10:32 41

Жетібай кен орнында жаңартылған асхана пайдалануға берілді

Жетібай кен орнында жаңартылған асхана пайдалануға берілді

Жетібай кен орнында күрделі жөндеуден өткен №7 асхана өз жұмысын қайта бастады. 75 орынға есептелген жаңа асхана заманауи талаптарға сай жаңартылып, мұнайшылар үшін жайлы әрі қауіпсіз тамақтану ортасына айналды.

Жөндеу барысында асхананың ас үй жабдықтары толықтай жаңартылды. Атап айтқанда, бу-пеш (пароконвектомат), қуыру және тоңазытқыш шкафтары орнатылып, ас дайындау үдерісінің сапасы мен тиімділігі артты. Тамақтану залына жаңа үстелдер мен орындықтар қойылып, интерьері толық жаңартылды.

Санитарлық талаптарды сақтау және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жуу аймағы кеңейтіліп, сүт пен ауызсу таратуға арналған жеке аймақ ұйымдастырылды.

Сонымен қатар салаттарға арналған жаңа витрина орнатылып, асхананың басқа да ішкі бөлмелері кеңейтіліп, жұмыс барысын жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік жасалды. Асхана ішіне орнатылған колонналық кондиционерлер залда қолайлы микроклимат қалыптастырып, қызметкерлерге жайлы жағдай туғызуда.

Жаңартылған асхана заманауи, кең әрі ыңғайлы бола түсті. Мұнайшылар жаңа асхананың игілігін көріп, жасалған өзгерістерге оң бағасын беруде.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: