Главная Инфографика Көлік қызметкерлері күні - 2018
23 августа 17:28

Көлік қызметкерлері күні - 2018

Көлік қызметкерлері күні - 2018

Биыл Қазақстанның көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай 50 теміржолшы саланың ең жоғарғы атағы «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды. Сонымен қатар, осы жылы, тұңғыш рет 20 ардагерге «Құрметті ардагер теміржолшы» белгісі табысталды. 

Жалпы алғанда, еңбегімен ерекшеленген 2000-ға жуық теміржолшы түрлі марапаттарға қол жеткізді. Компанияның бірқатар еңбеккерлеріне ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттары, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының атаулы сағаты тапсырылды.

Өндірістік белес

Осы орайда қос рельс бойында көрігі қызған тасымал көрсеткіштеріне көз жүгіртсек.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы жартысында, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, жүк айналымы 9%-ға артып, 106,5 млрд т-км құрады.

Транзит 23%-ға өсіп, 8,3 млн тоннаға жеткізілген.

Транзиттік контейнерлік тасымал көлемі 206,6 мың ЖФЭ құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,5%-ға жоғары көрсеткіш.

Қытай/Азия-Еуропа – Қытай/Азия бағдарындағы тасымал көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге өсті. Сөйтіп 109 мың ЖФЭ құрады.

Транзиттік тасымал жалпы жүк айналымының 14 пайызын құрағанымен, Компания кірісінің 26 пайызы транзиттік тасымалдан түскен.

Әлеуметтік қолдау

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен еңбек ұжымы арасында қабылданған Ұжымдық шарттың жаңа нұсқасында 2018 жылға арналған әлеуметтік жеңілдіктер бюджеті 9 млрд теңге көлемінде бекітілген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 21%-ға жоғары.

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: