Главная Новости Astana Marathon-2018: ізгілік жолында жарысқанда (видео)

Astana Marathon-2018: ізгілік жолында жарысқанда (видео)

Astana Marathon-2018: ізгілік жолында жарысқанда (видео)

5000-ға жуық адам қатысып, олардың ішінде 800-ге жуық спортшы 42 шақырымға жүгіріп өткен «Astana Marathon-2018» марафонына «KEGOC» АҚ қызметкерлері де корпоративтік команда ретінде қатысты.

Марафонға қатысуға тілек білдіргендердің арасында Қазақстанның барлық өңірлерінен және Ресей, Жапония, Италия, Кения, Турция сынды т.б. әлем елдерінен келген желаяқтар бар.

 «KEGOC» АҚ-дан марафонға бірнеше жыл қатарынан қатысып жүрген компанияның тәжірибелі спортшылары ғана емес, командаға спорттық рух-жігер сыйлаған Ержан Өскенбаев, Айгүл Байтұрова сынды аға буын өкілдері де атсалысты.

- «Astana Marathon-2018»  марафонына үшінші рет қатысуым. Биыл марафонға компания қызметкерлері көптеп қатысса деген тілегім болды. Осы шараға жыл сайын қатысатын әріптестеріммен ақылдаса келе, корпоративтік команда құруға тырыстық. Нәтижесінде 17 адамнан тұратын «KEGOC» АҚ командасы 10 және 42 шақырымға жүгірді. Осылайша әр қызметкер өзінің қатысуы арқылы өзінше компанияны таныта жасай алды. Ең бастысы, әлеуметтік маңызы бар шараға қатысып қана қоймай, компаниямыздың корпоративтік рухын көтердік деп ойлаймын», - дейді «KEGOC» АҚ Мемлекеттік құрылымдармен өзара әрекеттестік және коммуникациялар департаментінің бас маманы Ақмарал Баязитова.

Команда құрамында ерекше спорттық рух-жігер мен асқан төзімділіктің үлгісін көрсеткен спортшыларды атап өткен жөн. Мәселен Азамат Шәріпов, Ербол Нұртанов, Айдын Омарбеков, Арман Мейіржанов, Азамат Доқымбаев сынды әріптестер ең ұзақ қашықтық – 42 шақырымды бағындырды. Компанияның өзге өкілдері 10 қашықтыққа мүдірмей жүгіріп шықты. Қатысушылардың барлығы мәре сызығына дейін жүгіріп, межелеген қашықтықты бағындырғаны үшін марафон қатысушысы медальдарымен марапатталды.

Марафоннан алған әсерімен команда капитаны, «Энергоинформ» АҚ ERP қосымшаларын сүйемелдеу жөніндегі департаменттің бас маманы Азамат Шәріпов те бөліскен болатын:

«Марафон алдында командамен бірге жаттықтық, мұнда тәжірибелі спортшылар жаңадан қосылған адамдарға кеңестерін берді. Сондай-ақ, бұл менің 42 қашықтыққа жүгірген алғашқы марафоным. Аяғымның ауырғаны мен тартылғанына қарамастан, мәреге жақсы нәтижемен жеттім. Жалпы, командамды мақтан тұтамын. Келесі жылы қатарымыз бұдан да арта түседі деп сенемін».

Алғашқы толық марафонын ойдағыдай жүгіріп шыққан «KEGOC» АҚ Пайдалану департаментінің бас маманы Ербол Нұртанов:

«Мен жүгіруді екі жыл бұрын бастадым, уақыт өте келе жүгіруге деген қызығушылығым арта түсті. «Astana Marathon-2018» марафонына наурыз айынан бастап дайындалдым, жалпы жаттығу барысында 800 шақырымнан артық қашықтықты жүгіріп өттім. Стартқа ептеген зақыммен шықтым, 30 шақырымға келгенде сол жарақатым белгі берді және мәреге жеткенше басылмады. Алайда, аяғымның ауырғанына қарамастан толық қашықтықты жүгіріп өттім. Бұл марафон қашықтығын бірінші бағындырған адам ретінде жақсы нәтиже деп ойламаймын», - дейді.  

2009 жылдан бері өтіп келе жатқан Astana Marathon – ауқымды әлеуметтік жоба. Шара барысында түскен қаражаттар ауыр дертке шалдыққан балаларды қолдау үшін қайырымдылық қорларға аударылатын болады.

Astana Marathon-2018 - KEGOC
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: