Главная Новости Қазтрансгаз Қытай алдындағы қарызын азайтты
Компания тынысы09 қаңтар 15:39

Қазтрансгаз Қытай алдындағы қарызын азайтты

Қазтрансгаз Қытай алдындағы қарызын азайтты

"ҚазТрансГаз" АҚ Қытай даму банкінен алған қарызы бойынша 500 млн АҚШ долларын мерзімінен бұрын өтеді. Нәтижесінде несие мерзімі 2 жылға қысқарды деп хабарлайды Компанияның баспасөз қызметі. 

Мәселе мәнісіне келсек, "ҚазТрансГаз" АҚ еншілес ұйымы "Азиялық Газ құбыры" ЖШС "Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбырын салу жобасын іске асыру мақсатында 2008 және 2012 жылдары Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының 100%-дық корпоративтік кепілімен жалпы сомасы 10,2 млрд АҚШ долларына синдикатталған банктік қарыз алған.

Бүгінгі таңда екі қарыз бойынша берешек сомасы 5,2 млрд долларын құрайды екен. Дегенмен "ҚазТрансГаз" АҚ борыштық жүктемені төмендетуге бағытталған бірқатар мәмілелерді табысты жүргізіп, оның нәтижесінде осы қарыздар бойынша борыштық міндеттеме 5 млрд долларға азайған. Оның ішінде мерзімінен бұрын 1 млрд 450 млн доллар өтелген.

2018 жылдың 20 желтоқсанында "ҚазТрансГаз" АҚ қосымша 800 млн доллар өтеп, оның 500 млн доллары – мерзімінен бұрын қайтарылған. Мұндай қадамдар 600 млн астам АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берген, ал қарыз қайтару мерзімі  2 жылға қысқартылған.

"Қазақстан-Қытай" магистральдық газ құбыры іске қосылғалы бері 250 млрд текше метрден астам ортаазиялық газ тасымалданды және 11 млрд доллардан астам қаражат түсті", делінген хабарламада.

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: