Главная Новости Теміржолшылар балалар үйіне қамқорлық көрсетіп келеді
Біздің адамдар04 желтоқсан 09:43

Теміржолшылар балалар үйіне қамқорлық көрсетіп келеді

Теміржолшылар балалар үйіне қамқорлық көрсетіп келеді

Шығысқазақстандық теміржолшылар балалар үйі тәрбиеленушілеріне шамамен 12 миллион теңге аударды.

Шығыс Қазақстан облысындағы Балалар ауылының жеті тәрбиеленушісін бірқатар жылдан бері өңірлік теміржол бөлімшесінің ұжымы өз қамқорлықтарына алып келеді.

Үш тәрбиеленуші – Архат пен Карина Груздевтер және Татьяна Маслова жергілікті жүк тасымалы бөлімшесінің қамқорлығында. «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ филиалының, Защита белгі беру және байланыс дистанциясының, Защита және Серебрянск жол дистанциясының жұмысшылары жасөспірімдер Мавлади Голяковтың, Сергей Кривченконың, Ислан мен Ислам Мамытовтардың мұқтаждықтары мен сабағына көңіл бөліп келеді.

«Теміржолшылар жыл сайын балалардың есепшоттарына олар баспана сатып алуы үшін ақша аударады. Міне біздің тәрбиемізден өткен Владимир Вторушин балалар үйінен шыққанан кейін теміржолшылар жинап берген ақшаға Белоусовка ауылынан өзіне үй сатып алды. Бізді осы қуантады, енді онда баспана бар. Ал әрі қарай барлығы да оның өз қолында», - дейді «Қазпрофтранс» ҚБ Орталық кеңесінің өкілі Әйгүл Жайлаубаева.

Шығысқазақстандық теміржолшылар өздері демеушілік көрсетіп келе жатқан жас буынның мамандық иеленуіне, білім алуына ерекше назар аударады. Осындай игі қолдаудың арқасында балалар үйінің тәрбиеленушісі Татьяна Маслова қазір М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында оқиды. Ол болашақта өз өмірін теміржолмен байланыстыруды ойлап отыр.

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: