Главная Фотоальбомы Әлеуметтік тұрақтылық индексі - жаңа маусым семинарлары
Талдау26 шілде 20:26

Әлеуметтік тұрақтылық индексі - жаңа маусым семинарлары

Алғашқы семинар-кеңес таяуда республикалық мәртебе иеленген Шымкент қаласынан бастау алды. Онда Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Ербол Исмаилов бастаған сарапшылар тобы барды.

Алматыдағы жиынға «Кегок», «Эйр Астана», «ҚТЖ», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазпошта» тәрізді ұлттық компаниялар қызметкерлері қатысып, Орталықтың басқарушы директоры Сандуғаш Ескендірова мен талдау басқармасының жетекшісі Айжан Омарбекова «Самұрық-Қазына» қоры компанияларына әдістемелік көмек көрсету, зерттеу қорытындысын әлеуметтік-еңбек қатынастарын жақсартуға қолдану, кері байланыс орнату мәселелерін талқыға салды.

Ақтау қаласындағы «Үлес» кеңсесінде де Әлеуметтік тұрақтылық индексі әдістемесі таныстырылды.

Оңтүстік өңірлерден кейін батысқа ойысқан «Самұрық-Қазына» қоры Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының сарапшылары жергілікті компаниялардың HR және әлеуметтік сала мамандарымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын зерттеу мәселелерін талқыға салды.

Мұндай көшпелі семинар-кеңестер легі Астана қаласында мәре сызығын кесті.

Әлеуметтік тұрақтылық индексі компаниялардағы еңбек жағдайлары, коммуникациялық қарым-қатынас, кәсіподақ жұмысы туралы кадрлық және әлеуметтік саясаттың шынайы жағдайын көрсетеді. 2013 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан зерттеу 270-ден астам компаниядағы іріктелген түрде алынған 40 мыңға жуық адамды қамтуда.

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: