Главная Фотоальбомы Туған елге саяхат!
Маңызды24 тамыз 09:48

Туған елге саяхат!

Астанада «Туған елге саяхат» жобасының үшінші ақтық кезеңінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Патриоттық сезімді күрт күшейтіп, рухани жаңғыртқан игілікті іске қатысушы балалар бақыттан жүздері бал-бұл жайнап, бір-бірімен қимай қоштасып жатты.

Бірден атап өтерлік жайт, 600 бүлдіршіннің 510-ның, яғни 90%-ының ата-анасы «Самұрық-Қазына» қорындағы өндірістік компанияларда жұмыс істейді. Қалған 90 бала шығармашылық байқау қорытындысында іріктелген.  

Мерекелік жиында сөз алған «Самұрық-Қазына» АҚ басшылық өкілдері де жобаның өскелең ұрпақ өкілдерін отансүйгіштікке тәрбиелеудегі зор маңызын айрықша нұсқап, балаларға «Қазақстанға саяхат» танымдық кітабын сыйлады. Түрлі-түсті пайдалы суреттерге толтырылған кітапта қызықты мәліметтер де молынан көрініс тапқан.

Өз кезегінде жеткіншектер үш тілде Байқоңыр ғарыш айлағы мен Алакөл, Түркістан, Алматы, елордадағы «ЭКСПО» көрмесі аумағы, басқа да көрікті жерлерге барған әсерлерімен бөлісіп, ән мен биден тартуын ұсынды.

«Менің елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасы аясында қолға алынған, балаларға арналған «Туған елге саяхат» саяхат жобасы, міне осымен үшінші рет ұйымдастырылды. Нәтижесінде 12 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушылары Астана-Байқоңыр-Түркістан-Алматы-Алакөл-Астана бағдарын пойызбен жүріп өтті. Олардың қасында топ жетекшілері, мұғалімдер мен дәрігерлер болды. Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесе іске асырды.

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: