Главная Видео "Самұрық-Қазына" қорының өкілдері Лондонда жастармен кездесті
Озық тәжірибе26 қараша 18:44

"Самұрық-Қазына" қорының өкілдері Лондонда жастармен кездесті

Елбасы келесі жылды "Жастар жылы" деп жариялағаны белгілі. Бұл ретте Лондонға "Самұрық-Қазына" қорының өкілдері қонаққа барып, жас ғалымдармен өнеркәсіп пен бизнестің және ғылымның ынтымақтастығы тақырыбында талқылау өткізді.  

 

Ұлыбританиядағы Қазақстан Елшілігі мен Қазақстандық PhD қауымдастықтың ұйытқы болуымен "Тау-кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясының Басқарма төрағасы Қанат Құдайберген мен Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы бас директорының орынбасары Сандуғаш Ескендірова, өзге де құзырлы мамандар білім алу мақсатымен шетелде жүрген жастармен келелі сұхбат құрды.

Шараға ақпараттық қолдау көрсеткен "Қазақстан" арнасына, оның ішінде өзгеше сипатта елге хабар жеткізген журналист Индира Бектеноваға алғыс білдіреміз!

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: