К 30-летию Независимости Казахстана | 24 сәуір 14:00

Салалық ЖОО мен колледж оқытушылары ҚТЖ-да біліктілігін арттырды

ҚТЖ оқу орталығының базасында «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі байланыс» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтті.

Оған еліміздің әртүрлі қалаларынан 10 бейінді оқу орындарынан 21 оқытушы қатысты.

Оқытуға теориялық және практикалық сабақтар, соның ішінде теміржол инфрақұрылымының әртүрлі нысандарына бару, жеке және іскерлік дағдыларды дамыту бойынша тренингтер қарастырылған.

Курс қатысушылары оң бағасын берді және практикалық құндылығы мен өзектілігін атап өтті.