Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бұл жолы олар қаладағы жалғызбасты Дана есімді ананың ДЦП дертіне шалдыққан Диана және Айдана атты қыздарының хал-жағдайымен танысты. Ерікті жастар осы сапарында аталған отбасыға азық-түлік жеткізіп, медициналық заттармен де қамтамасыз етті. Олардың айтуынша мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Олар сонымен қатар Шымкент қаласының тұрғыны Марина Савченко есімді жалғызбасты ананың сал ауруына шалдыққан Евелина атты қызынада арнайы барды. Аталған үйге азық-түлікпен қоса, коронавирус эпидемиясы кезінде қорғануға арналған медициналық бетперде жеткізді.
Шымкенттік темір жолсаласының жастары кезектіқ айырымдылық күнін қаладағы жол бөлімшесі жедел басқару бөліміне арнады. Бұл жолы ерікті жастар қызметкерлерге дәрумендік сусындар мен жұқпалы індеттен қорғайтын медициналық бетперделерді сыйға тартты. Осындай игі шара барысында олар елді сабырға шақырып, үйде болуға үгіттеді.
Шырайлы шаһардың ерікті жастары өнегелі істерін жалғастыру мақсатында қаладағы мұқтаж жандарға вирустың алдыналу мақсатында қолданылатын 850-жуық бетперде таратты.
Атап өтерлігі жастар аталған медициналық маскаларды өздері қолдан тіккен.