Жөндеу барысында асхананың ас үй жабдықтары толықтай жаңартылды. Атап айтқанда, бу-пеш (пароконвектомат), қуыру және тоңазытқыш шкафтары орнатылып, ас дайындау үдерісінің сапасы мен тиімділігі артты. Тамақтану залына жаңа үстелдер мен орындықтар қойылып, интерьері толық жаңартылды.
Санитарлық талаптарды сақтау және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жуу аймағы кеңейтіліп, сүт пен ауызсу таратуға арналған жеке аймақ ұйымдастырылды.
Сонымен қатар салаттарға арналған жаңа витрина орнатылып, асхананың басқа да ішкі бөлмелері кеңейтіліп, жұмыс барысын жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік жасалды. Асхана ішіне орнатылған колонналық кондиционерлер залда қолайлы микроклимат қалыптастырып, қызметкерлерге жайлы жағдай туғызуда.
Жаңартылған асхана заманауи, кең әрі ыңғайлы бола түсті. Мұнайшылар жаңа асхананың игілігін көріп, жасалған өзгерістерге оң бағасын беруде.