К 30-летию Независимости Казахстана | 22 қазан 09:11

Кендірлідегі су тұшытатын зауыттың артықшылықтары қандай?

«ҚазМұнайГаз» Маңғыстау облысы Кендірлі аймағында теңіз суын тұшытатын зауыт салып жатыр.

Жаңа кәсіпорын Жаңаөзен тұрғындарын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етіп, өңірде өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндіктер ашады.

 

Зауыт тәулігіне 50 мың текше метр су шығаруға қауқарлы; Инженерлік инфрақұрылым бойынша жұмыстың 75%-дан астамы орындалды; Жаңаөзен қаласына дейін тұшытылған суды жеткізетін магистральды су құбыры (201 км) және электр желісін тарту (83 км) жұмыстары 90%-ға аяқталды; 40 км автожол құрылысы, 46 км газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр; Құрылыс жұмыстарына 654 адам, 200-ден астам құрылыс техникасы мен механизмдер (соның ішінде автожол және теңіз түбін тереңдету техникасы) жұмылдырылды.