К 30-летию Независимости Казахстана | 15 сәуір 08:11

Qazaq Air Атырау мен Астрахань арасында қайта қатынайды

Рейстер сейсенбі және сенбі күндері Bombardier Q400 типті әуе кемесінде орындалады.

26 сәуірден бастап қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы Атырау мен Астрахань қалалары арасында аптасына 2 рейс жиілікпен халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Рейстер сейсенбі және сенбі күндері Bombardier Q400 типті әуе кемесінде орындалады.

Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.