Талғат Алдыбергенов темір жол саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша үздік бітірген, РХШМҚА-ның экономика магистрі (Ресей) (қызыл диплом), экономика ғылымдарының кандидаты. Жұмысшы лауазымдарынан топ-менеджментке дейінгі жол: 1992-1998 жылдары-Батыс Қазақстан темір жолындағы жұмыс: тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры. 1998-2007 жылдары - "Қазақстан Темір Жолы" АҚ "Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы" РМК МКД Ақтөбе филиалының басшысы, "Қазтранссервис" МКД директоры, "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры. 2008-2019 жылдары — "Кедентранссервис" АҚ президенті, "АвтоГазАлматы" ЖШС Бас директоры, "Kazakhmys Maker" ЖШС басқарма төрағасы. 2024 жылдан — "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.