К 30-летию Независимости Казахстана | 06 қазан 10:20

Қазақстан мен Эстонияның пошта қызметтері электрондық коммерцияны бірлесіп дамытады

«Қазпошта» АҚ мен Эстонияның ұлттық пошта операторы – «Eesti Рost AS (Omniva)» іскерлік әріптестік туралы келісімге қол қойды.

Тараптар Қазақстанның транзиттік әлеуетін, «Қазпошта» АҚ операциялық және логистикалық тәжірибесін, «Omniva»-ның Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ-та болуын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдеріне шетелдік маркетплейстерден электрондық сауда тауарларын жеткізуді қамтамасыз етуге ниет білдіріп отыр.

Ынтымақтастық Қазақстанның транзиттік әлеуетіне және «Қазпошта» АҚ-ның электрондық коммерция саласындағы пошталық-логистикалық мүмкіндіктеріне, стратегиялық бизнес бағыты ретінде, сәлемдемелерді сақтаудың және сұрыптаудың тораптық нүктелеріндегі трансшекаралық операциялар үшін «Omniva» технологияларын пайдалануға бағытталған.

«Бүгін Қазпошта Астанада аумағы 10 000 шаршы метрді құрайтын, 6 млн-нан астам сәлемдемені өңдеуге қабілетті көпфункционалды Логистикалық орталықты ашты. Бұл электрондық коммерция мен іскерлік серіктестікте логистиканы дамытудың тағы бір қадамы болып отыр. Электрондық коммерция тауарларын жеткізу бойынша Эстония поштасымен ынтымақтастық орнататын боламыз. Біз клиенттерімізге сенімді және жылдам e-commerce қызметтерін ұсынуға тырысамыз және бұл ынтымақтастық бізге зор мүмкіндіктер ашатын болады», – деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Өз кезегінде «Omniva» бұл өзара ынтымақтастықтан, әсіресе Еуропа мен Америкадағы ресурстарының болуын ескере отырып, үлкен әлеуетті көздеп отыр. Бұл – логистика саласындағы ең таңдаулы серіктес болуға ұмтылатын еуропалық пошта қызметі үшін маңызды ынтымақтастық бағыты болмақ.

«Қазпошта» АҚ мен «Omniva»-ның бірлескен күш-жігері Орталық Азия мен Еуропадағы электрондық коммерция саласындағы жетекші өңірлік көшбасшы болу стратегиялық мақсатына қол жеткізуге бағытталған.