Байқауға қатысушыларды бағалау үшін Ресейдің және басқа да шет елдердің жетекші музыканттары шақырылған болатын. Үрмелі және соқпалы аспаптар номинациясы бойынша әртістердің талантын Мәскеу консерваториясының доценті, Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театры оркестрінің солисі Алексей Корнильев, Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театры оркестрінің кларнеттер тобының концертмейстер-солисі Сергей Петров және Мәскеу консерваториясының профессоры, Шнитке атындағы МММИ профессоры, Ресей Мемлекеттік академиялық Үлкен театры оркестрінің солисі Эркин Юсупов бағалады.
Мәскеу байқауында 200 қаладан 2760 музыкант қатысқанын атап өту маңызды.
«Бұл жеңіс бізге үлкен шабыт берді, енді көп концерттер беруді, түрлі қызықты бағдарламалар дайындауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ жоспарымызда Ресейде концерт беруді ойлап жүрміз, біздерді әлдеқашан фестивальге де шақырды, егер эпидемиологиялық ахуал мүмкіндік берсе, онда біз Қазақстанның өнерін Өзбекстанда да ұсынатын боламыз», – дейді квартеттің жетекшісі Фархад Болатов.
GRAND MUSIC ART байқауы бейнежазбалар бойынша өткендігін естеріңізге саламыз. Халықаралық байқауға қашықтан қатысу орындаушыларға заманауи жағдайда жаңа мүмкіндіктер ашты, географиялық бөгеулерді еңсеруге мүмкіндік берді, басты мақсат –дарынды оқушылардың шеберлігі мен кәсібилігін зерттеуге қол жеткізді.