К 30-летию Независимости Казахстана | 11 сәуір 08:47

Қоршаған ортаға қамқорлық

Қаражанбаста көктемгі абаттандыру жұмыстары басталды.

Көктем келісімен Қаражанбас кен орнында абаттандыру жұмыстары басталды. Мұнайшылар қолына күрек пен тырма алып, вахталық кент және өндірістік цехтардың аумағын тазалады. Сенбілікке жүзден астам жұмысшы қатысты.

«Біз өміріміздің жартысын кен орнында өткіземіз. Сондықтан оған екінші үйіміз сияқты қамқорлық танытамыз. Қаражанбас мұнтаздай таза әрі жарқырап тұруы үшін біз ұжым болып көктемгі сенбілікке шықтық», – деді қаражанбастықтар.

Аумақтарды тазалап, нысандарды бояуға әр түрлі цехтардың басшылары, жұмысшылары және жас мамандар жұмылдырылды. Сондай-ақ олар аталмыш сенбіліктер – қоршаған ортаны қорғау жолындағы компанияның ауқымды жұмысының бастамасы ғана екенін атап өтті.