Студенттер кәсіби мамандар мен тәлімгерлердің жетекшілігімен өндірістегі қызу қызметпен танысып, технологиялық операциялар мен процестерге қатысады. Атап айтқанда, мұнай және газ өндіру операторы, химиялық талдау зертханашысы, токарь, электргазбендәнекерлеуші, технологиялық жабдықтарды монтаждаушы, ұңғымаларды зерттеу операторы және т.б. мамандықтарға машықтанады.
«Шеберлік тәжірибемен келеді. Біз үшін Қаражанбас сияқты стратегиялық маңызды өндірістік нысанда оқуға және жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Енді қызметке кірісіп, кәсіби мамандардан көп нәрсе үйренуге ниеттіміз», – дейді студенттер.
Тәжірибеден өтушілер оқу жылының соңына дейін вахталық әдіспен жұмыс істейді. Айта кетейік, олардың өндіріспен танысып, нәтижелі еңбек етуі үшін кен орнында барлық жағдай жасалған.