Жиын қатысушыларын Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке үміткер ретіндегі «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасымен жан-жақты таныстырып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, сайлаудың маңыздылығына тоқталып, дауыс беруден қалыс қалмауға шақырды.
Сонымен қатар, компания басшысы Қаныш Молдабаев Қазақстанның ең ірі жылу электр станциялары – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС және «Екібастұз 2-МАЭС» ЖШС-да болды.