К 30-летию Независимости Казахстана | 18 қаңтар 10:20

Электр қозғалтқыштарын монтаждау жұмыстары жалғасады

2021 жылы Павлодар және Қарағанды мұнай құбыры басқармаларына қарасты үш станцияда сорғылар мен электрқозғалтқыштарды монтаждаудың бірінші кезеңі аяқталған болатын.

Бұл «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының «Павлодар-Атасу» учаскесінде мұнай тасымалдау кезінде энергия шығынын азайту мақсатында жасалды. Технологиялық жаңғыру сорғы агрегаттарының пайдалы әрекет коэффицентін 80% дейін арттырады деп күтілуде.

Сорғы агрегаттарын ауыстырудың екінші кезеңі 2022 жылға жоспарланған.