12-шілдеде «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ мен «Қазтеміртранс» АҚ басшылығының тапсырмасы бойынша тез арада вагондар қарастырылып, жеке экспедитор компаниялардың қаржылай қолдауымен шөп тиелген 5 вагон батыс өңірге жіберілді.
Ізінала еріктілер шөп басатын вагондар санын көбейту жөнінде тағы да ұсыныс жасады.
2021 жылдың 16-шілдесіне дейінгі шұғыл ақпарат бойынша, серіктестер «Шынгар Транс» ЖШС, «Проммаш KZ» ЖШС, Integra Construction KZ ЖШС, «Бастау Транс»ЖШС қаржылай қолдауымен Арыс және Сарыағаш станцияларынан батысқа 10 вагон жөнелтілді. Тағы 30 вагонға қосымша өтініш түсті. Вагонға деген сұраныс әле де көбеюі мүмкін.
Күрделі жағдайды ескере отырып, ұлттық компания вагондар мен локомотивті қоса алғанда еріктілер жинаған шөпті тегін тасымалдау туралы шешім шығарды.