К 30-летию Независимости Казахстана | 18 қазан 18:16

Атыңызға қанша телефон нөмірі тіркелген екен?

Тексеріп көріңіз! ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осындай мүмкіндік ұсынып отыр. 

Ол үшін келесі сілтемеге өтіп, жеке сәйкестендіру нөмірін (ИИН) теріңіз: imei.rfs.gov.kz/checkiin/

Егер өз атыңызда сізге қажет емес артық ұялы телефон нөмірлері бар екенін байқасаңыз, ұялы байланыс операторының кеңсесіне барып жағдайды анықтаңыз. Бәлкім бөгде адамдар оларды басқа мақсатта қолданып жүрген болар.   

Еске сала кетсек, осы жылдың 1 қаңтарына дейін абоненттік құрылғыларды тіркеу үдерісі жүрді. Соның нәтижесінде, бүгінде, барлық ұялы телефондар SIM-карта иесінің ЖСН-не рәсімделген. Былтыр, мұндай шара аясында тиісті SMS жібермегендерге, барлық телефондар автоматты түрде ішінде қолданылатын байланыс картасына тіркелген.