Көмір қажеттілігінің жоспары Қостанай және Павлодар облыстарында 100% орындалды. Мәлімделген қажеттілік жоспарынан жоғары Алматы, Жамбыл, Ұлытау облыстарына, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларына жеткізілді.
ЖЭО үшін 20,3 млн тоннадан астамы тасымалданды.
ҚТЖ-да көмір тасымалдау мәселесі ерекше бақылауда. Энергетикалық және коммуналдық-тұрмыстық көмірдің барлық жөнелтілімдері вагондармен толық көлемде қамтамасыз етілген.