К 30-летию Независимости Казахстана | 24 мамыр 11:04

Жұмысшылардың 30 пайызы індеттен қорғалған

Атырау мұнай өңдеу зауытының 700-ден астам қызметкері коронавирусқа қарсы  вакцина алды.

Яғни, қызметкерлердің шамамен 30%-ы коронавирустың ауыр зардаптарынан қорғалған. Қазіргі уақытта зауыт жұмысшылары «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алуда.

Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлеріне екпені қызметінен алыстамай-ақ алуы үшін барлық жағдай жасалған. Зауыттың медициналық орталығында ем-шара кабинеті және екпе алғандарды бақылау кабинеті бар.

Вакцина салар алдында кәсіпорын қызметкерлері медициналық тексеруден өтеді. Екпе дене температурасының, қан қысымының, жүрек соғу жиілігінің, қандағы оттегінің қалыпты деңгейінде ғана салынады.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от АО НК "КазМунайГаз" (@kazmunaygaspress)