Екі күнге созылған байқауда жарысқа қатысқан мұнайшылар салалық мамандықтардың 15 түрінен өзара сынға түсіп, шеберліктерін ортаға салды.
Салтанатты шарада компанияның бас директоры Сәбит Арынов жеңімпаздарды құттықтап, дәстүрлі байқаудың маңыздылығын атап өтті. Қорытынды сайыста ембіліктердің намысын қорғайтын жеңімпаздарға сәттілік тіледі.
Әр аталым бойынша үздік үштік және ынталандыру сыйлықтарының иегерлері марапатталды.
Сайыстың жалпы қорытындысы бойынша командалық орындарға ие болған басқармалар:
3-орын – «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы; 2-орын – «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы; 1-орын – «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы.