Қазылар алқасы құрамында «ӨМГ» АҚ әлеуметтік әкімшілік департаменті директоры Тарас Алеуединов, персоналды басқару және дамыту директоры Ермек Көптілеев, кәсіподақ заңгері мен маманы Назар Әбішаев пен Жанар Мананова болды.
Байқауға басқармаға қарасты 8 цех тас-түйін болып дайындалыпты. Өңкей «сен тұр, мен атайын» деген мұнайшы жігіттер мен қыздар ән айтып, 7 минуттық бейне таспасын ұсынды. Көрермендерді, әсіресе, №10 МГӨК дайындығы риза етті.
«Болғанда атам қазақ, анам қазақ, мен неге қазақтықтан сақтанамын», деп Алаш қайраткері Міржақып Дулатов айтқандай, қазақ екенін әрдайым мақтан тұтатын №1,5 МГӨК жұмыскерлері Асқар Ноғай мен Қайрат Жолдасбаевтың шырқаған әндері көпшілік көңілінен шықты. Әуесқой ақын Рәмила Аманжолова «Жаңаөзен» атты өлеңін оқыды.
№3 МГӨБ директоры Ғабит Әбенов, кәсіподақ төрағасы Валерий Қаржаубаев пен спорт әдіскері Шәріп Ақжігітов өз ісінің мамандарына құттықтау қағазы мен сертификат, дүбірлі додаларда басқарма мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатып жүрген бір топ спортшыға диплом және ақшалай сыйлық тапсырды, деп хабарлайды «Өзенмұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі.