Орталық кеңсе мен кен орнында жұмыс істейтін 40-тан астам жұмысшы «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мерекелік төсбелгісі, Құрмет грамоталары мен Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Бұдан бөлек Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тінәлиев мұнайшыларды арнайы қабылдап, «Ақтау қаласына 60 жыл» мерекелік медалін табыс етті. Шаһар басшысы өндірісті өрге өрлетіп жүрген қызметкерлерге шынайы алғысын білдіріп, толағай табыс тіледі.
«Қазыналы өлкедегі мұнай өндірісінің алға басуына әр жұмысшының қосатын үлесі зор. Еңбегімізді елеп, алғысын білдіріп жатқан басшыларға көп рақмет. Кез келген марапат – жұмыс нәтижесінің еселенуі мен жетістікке ұмтылуға талпыныс сыйлайды. Артылған сенім мен үмітті ұжым болып ақтауға бар күш-жігерімізді саламыз», – деді марапат иелері.