К 30-летию Независимости Казахстана | 22 қараша 12:38

10 айда 130 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагонын» таңдады

Салыстырып айтқанда, өткен жылы әйелдер вагондарында 114 мыңнан астам адам жол жүрген.

2021 жылдың 3 айында еліміздің әдемі жартысының неғұрлым жайлы және қауіпсіз сапарын қамтамасыз ету үшін қызмет енгізілген сәттен бастап 13 мыңнан астам жолаушы «әйелдер вагонында» сапарлаған.

Бүгінгі таңда «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызы құрамында қатынап жүр:

№77/78 «Алматы – Маңғыстау» №07 купе вагоны; №351/352 «Алматы – Өскемен» №10 купе вагоны. №45/46 «Павлодар – Түркістан» №09 купе вагоны; №37/38 «Маңғыстау – Семей» №06 купе вагоны; №47/48 «Атырау – Астана» №06 купе вагоны; №33/34 «Ақтөбе – Алматы-1» №06 купе вагоны; №4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны; №71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.

«Әйелдер вагонында» жеті жасқа дейінгі ер жолаушылардың жүруіне жол беріледі.