«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбыры бойындағы тарихи ластануларды жою жұмыстары 2011 жылдан бастап жүргізілуде. Он жыл ішінде жалпы сомасы 4,5 млрд.теңгеге 20,07 гектар жер қалпына келтірілді. 2021 жылы «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының 984-985 км екінші учаскесіндегі 4 гектар жерді қалпына келтіру жоспарлануда. Тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіру екі кезеңде жүзеге асырылады: техникалық және биологиялық. Қалпына келтірудің техникалық кезеңі мұнаймен ластанған топырақты алуды, шығаруды, ластанған топырақты кәдеге жаратуды, таза топырақты әкелуді және аумақты жоспарлауды көздейді. Биологиялық кезең техникалық кезең аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады және тыңайтқыштарды қолдану мен топырақты жақсартатын дақылдарды өсіру арқылы құнарлы топырақ қабатын табиғи деңгейге дейін қалпына келтіруден тұрады.