К 30-летию Независимости Казахстана | 22 сәуір 16:00

10 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек пойызбен жеткізілді

Су тасқыны басталғаннан бері теміржолшылар еліміздің зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық жүктерді жедел тасымалдауды ұйымдастырды. 

10 мың тоннадан астам жүк жеткізілді. Оның ішінде су, азық-түлік, ұн 12 вагон (салмағы 500 тонна).  

Авариялық-құтқару жұмыстары үшін 5,2 мың тонна құрылыс жүктері (қиыршық тас, кесек тас) тасымалданды.  

Құрама жүктер (матрастар, гигиена заттары және т.б.) 165 вагонмен (шамамен 5 мың тонна) жеткізілді.