Теміржолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын өткелдерге 10 «Бүркіт» аппараттық-бағдарламалық жүйесі орнатылды.
Жол ережесін бұзу жайдайлары жиі болатын өткелдерді анықтау мақсатында 54 теміржол өткелі тексеріліп, оның 10-ында бейне-тіркегіштер орнатылды.
Пилоттық режимде бейнебақылау камераларымен төмендегі өткелдер жабдықталды:
Астана бекетінің екі өткелі; Жаңа-Қарағанды-Майқұдық өткелдері; Қарағанөзек бекетінің өткелі; Алматы бөлімшесі магистральдық желісінің шекаралары: Ақсеңгір-Шемолған, Байсерке-Жетісу, Ақсеңгір-Бұрындай өткелдері; Байсерке бекеті.Жақында бейнебақылау камералары магистральдық желінің Жамбыл және Семей бөлімшелеріндегі өткелдерде орнатылады.