К 30-летию Независимости Казахстана | 07 августа 11:03

100 бала «Самұрық-Қазына» қолдауымен өткен пара жүзуден турнирге қатысты

6–7 тамыз күндері Астанада балалар арасында пара жүзуден ең ірі жарыстардың бірі – «Samruk Alaman» турнирі өтіп жатыр. Іс-шараны «Самұрық-Қазына» қорының 20 жылдығына және топтың бірыңғай қайырымдылық операторының 10 жылдығына орай «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Турнирге еліміздің 15 қаласынан келген балалар қатысады. Тірек-қимыл аппараты, көру, есту қабілетінде бұзылыстары бар, сондай-ақ ақыл-ой дамуында ерекшеліктері бар 7–14 жас аралығындағы параспортшылар 25 және 50 метр қашықтықта еркін стиль, брасс, баттерфляй және шалқалай жүзу бойынша сынға түсуде.

  «Самұрық-Қазына» қоры үшін инклюзия – ең алдымен, әр балаға тең мүмкіндік беруді білдіреді. Бұл – білім алу, қажетті қолдауға ие болу, спортпен шұғылдану және өз қабілетін дамыту мүмкіндігі», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

2016 жылдан бері «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының қолдауымен ел бойынша 19 спорт кешені ашылды. Бүгінде жыл сайын 700 мыңнан астам адам осы кешендерде жаттығады. Биыл тағы 11 спорт нысанының құрылысы басталды.