К 30-летию Независимости Казахстана | 13 қазан 09:00

100 мыңға жуық жолаушы әйелдер вагонын таңдады

Бір жыл бұрын – 2021 жылдың қазан айында ҚТЖ пилоттық режимде әйелдер вагондары бар алғашқы жолаушылар пойыздарын іске қосты.

Осы уақыт ішінде қызметті 98 мыңнан астам жолаушы пайдаланды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Мұндай вагондармен әйелдерден өзге, жеті жасқа дейінгі ұлдар да жүре алады.

Аталған жобаға келесі жолаушылар пойыздарында бір купе вагоны тартылған:

№ 77/78 «Алматы – Маңғыстау» (№7 вагон); № 351/352 «Алматы – Өскемен» (№10 вагон); № 45/46 «Павлодар-Шымкент» (№9 вагон); № 37/38 «Маңғыстау – Семей» (№9 вагон); № 47/48 «Атырау – Астана» (№7 вагон); № 379/380 «Алматы-2 – Орал» (№10 вагон).

Әйелдер вагондарындағы жол жүру құны басқалардан ерекшеленбейді. Тек әйелдерге арналған вагонға билетті BILET RAILWAYS.KZ веб-сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында сатып алуға болады.