Алғашында МДӨЦ цехына қарасты учаскені Алтай Әлсихов басқарса, бүгінде ұжымға білікті маман Серік Заханов жетекшілік етеді.
Алдын ала су айыру қондырғысы – резервуар, мұнайды жылыту пештері, мұнайды газсыздандыру жүйесі, түрлі мақсаттағы сорғы станциялары, құбыр жүйесі, жерасты кәріз коммуникация жүйесі, өрттен қорғау жүйесін біріктірген күрделі кешен. Алдын ала су айыру қондырғысы өндірілген мұнайды қабат суынан және ілеспе газдан яғни, газсыздандыру және механикалық қоспалардан тазарту, №1, 2 МГӨК-цехтарынан түсетін ГЖС-тен бөлу, сондай-ақ мұнайды 5%-ға дейін суландырумен МДӨЦ-ке дейін айдау үшін жылыту қызметін атқарады.
2007 жылы учаске қызметкерлерінің саны 30 адамды құраса, қазіргі таңда 42 қызметкер аталған цехтың табысын еселеп, табанды жұмысын жүйелеп отыр. 2018 жылы алдын ала су айыру қондырғысын кеңейту жұмыстары жүргізілді. Соның арқасында қондырғының бүгінгі тәуліктік өнімділігі 90 мың текше метр сұйықтықты құрап отыр.
Аз уақыт ішінде УПСВ ұжымы нағыз кәсіби мамандардан құралған іргелі ұжымға айналып үлгерді. Тәлімі мықты кадрлар кәсіпорын келешегінің қарқынды дамуына жол ашты.