Кадрларды даярлау Астана, Павлодар, Тараз, Қарағанды және Ақтөбе қалаларындағы мамандандырылған орталықтарда жүзеге асырылады. Оқу бағдарламалары теміржол саласының өндірістік қызметіндегі негізгі бағыттарды қамтиды.
Қызметкерлерді дамыту бағдарламаларымен жыл сайын 60 мыңнан астам адам қамтылады. Қозғалыс қауіпсіздігі мен тасымал тұрақтылығы тікелей біліктілігіне байланысты өндіріс қызметкерлерін, атап айтқанда машинисттерді, жолшыларды және тасымалдау процесінің мамандарын даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Қызметкерлерді дамыту қызметкерлердің кәсіби, жеке іскерлік және басқарушылық құзыреттерін қалыптастыруды қамтиды. Бұл олардың мансабын жоғарылату мен біліктілігін арттыруына қажетті негіз қалайды.
Кадрларды жүйелі даярлау өндірістік процестердің тұрақтылығын және елдің теміржол инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.