К 30-летию Независимости Казахстана | 21 мамыр 15:30

18 маусымнан бастап Алматыдан Маскатқа тікелей рейспен ұшуға болады

Рейстер 180-230 орындық «Эйрбас-А320/А321» ұшағымен жасалады.

Биылғы жылдың 18 маусымынан бастап "Salam Air" Оман әуе компаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Рейстер сыйымдылығы 180-230 орындық «Эйрбас-А320/А321» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.

Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.