Заманауи модульдік үйлер темір жолдың барлық бөлімшелерінде салынуда. Бүгінгі таңда 146 ғимарат пайдалануға берілді. Биылғы негізінен Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау өңірлерінде орнатылады.
Темір жол бойына шығып тұратын жол монтерлері, электрмен жабдықтау, энергетика және байланыс жұмысшылары үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Модульдік үйлер барлық қажеттіліктермен – жиһаз, техника, ыдыс-аяқ және т.б. жабдықталған, барлық инженерлік коммуникация тартылған. Көлеміне қарай мұндай үйлерде 4-тен 10 адамға дейін тұра алады.