Бүгінде жүйеде 105 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Анықталған және тіркелген қауіпті жағдайлар үшін қызметкерлер ақшалай сыйақылармен көтермеленеді. 2021 жылы 380-нен астам қызметкерге сыйақы берілді.
Жыл сайын жүйенің ең белсенді пайдаланушысына 3 млн теңге сомасында сыйақы беріледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің жол машиналарының машинист-нұсқаушысы Қайрат Әбдашов ақша сертификатының иегері болды. Ол 71 қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогын (PDB) рәсімдеді. Және де анықтаған сәйкессіздіктер толығымен жойылды.
Мобильді қосымша арқылы ӨҚИЖ-де 20 мыңнан астам ҚМД тіркелді. Теміржолшылармен көптеген ықтимал оқиғаларға жол берілмеді.
Алғыс хаттармен:
Құсмұрын тарту қосалқы станциясының бастығы Сергей Черехович; техникалық-жолаушылар паркінің аға шебері Мұрат Алпысбаев; Семей өңірлік қызмет көрсету орталығының есепке алу тобы бастығының орынбасары Лаура Исабекова; Қостанай станциясындағы «ӘТЖК» ЖШС күзетшісі Алексей Пресный; «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының өндірістік оқыту нұсқаушысы Көкен Мейірманов; электромеханик Ринат Ержанов; локомотив депосы учаскесінің бастығы Есім Анапияев; Жаңа-Семей ст. техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы Қуат Шалтаев марапатталды.«Адал еңбегі үшін» құрмет белгісіне Қостанай жүк тасымалы бөлімшесі локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы Әлем Бекетаев ие болды.