«Жалпы «Қазпоштаға» жүгінетін клиенттердің көпшілігі сапасыз тауар салынғанын немесе қандай да бір тауардың жетпей тұрғанын айтады. Сондықтан, болашақта осындай проблемалық мәселелерді болдырмау үшін барлық клиенттерімізге – Қазақстан тұрғындарына өздерін жақсы қырынан көрсеткен, тексерілген интернет-алаңдардан, сайттардан ғана тауар алуға кеңес береміз», – деді Әлия Сүгірбаева.
Оның айтуынша, өткен жылы жалпы сәлемдемелер санының 0,004%-ы жоғалған.
«2020 жылы Қазақстанға тұрғындарымыз тапсырыс берген 8 млн-нан астам сәлемдеме жеткізілді. Оның ішінде тек 370-і жоғалды. Әрбір жоғалу фактісі бойынша компанияның қауіпсіздік қызметі тексеру жүргізеді, барлық фактілер анықталады және ҚР Заңнамасы аясында тиісті шешімдер қабылданады. Жалпы сәлемдемелер арасында бұл 0,004%-ды құрайды», – деді спикер.