ПМХЗ бұрыннан бері және жоспарлы түрде үнемді өндіріс қағидаттарын кәсіпорынға енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Зауытта осы қағидаттарды жүзеге асыратын төрт негізгі бағыттар анықталды. Оларды үш тақырыптын блокқа біріктірпуге болады: «Ысыраптар мен жағуларды төмендету», «Lean Six Sigma», «Қоршаған ортаны қорғау». Әрбір тақырыптық блоктың ішінде әрбір бағыт бойынша ПМХЗ жұмысын жақсартуға арналған жобалар мен бағдарламалар бар.
Мысалы: «Ысыраптар мен жағуларды төмендету» блогі шеңберінде №1 мұнайды бастапқы өңдеу өндірісінің және №3 мұнайды терең өңдеу өндірісінің пештерін тексеру жұмыстары басталды, бұл жұмыстар олардың ТӘК жобалық мәнге жеткізу мақсатында орындалады, сонымен қатар битум шығару қондырғысының пештерін ауыстыру бойынша жұмыстар да басталды.
Кәсіпорында жеке блок ретінде «Lean Six Sigma» – «Үнемді өндіріс» бағдарламасы қызмет етеді. Әдіс ретінде және бағдарлама ретінде ол 2016 жылы ПМХЗ-да енгізілді және осы күнге дейін қолданылады. 2021 жылы «Lean Six Sigma» 15 жобаны қабылдады, олар іске асыру барысында. Олар зауыттың барлық өндірістерінде шығындарды, соның ішінде электр энергиясының, будың, судың, өндірістік пештердің отынды тұтынуын, сілтінің шығындарын оңтайландыруға қатысты. Сонымен қатар оңтайландыру жұмыстары технологиялық қондырғылар жұмысының тәртібін ұйымдастыруға, зертханалық бақылау кестелеріне және зертханалық талдау жүргізу шығындарына да қолданылады.
«Қоршаған ортаны қорғау» блогі белсенді дамып келеді. Зауытта «Жер. Су. Ауа» деп аталатын бағдарлама қолданысқа енгізілді. Соның арқасында суытқыш мұнараларды күрделі жөндеуден өткізу, тазартылған ағындар су құбырларын Сарымсақ жинақтауышына дейін салу, екі жаңа қабылдау сұйыққоймасын салу, сұйық қоймалардағы тығыздағыш жапқыштарды ауыстыру, ашық мұнай өнімдерін автоматтандырылған тактілік құю қондырғысын салу жұмыстары жүргізілуде.
Үнемді өндіріс жылына жоспарланған осы іс-шаралардың барлығы зауыт шығындарын, отын-энергетикалық ресурстарын, технологиялық үдерістің әр кезеңдерінде шикізат шығынын азайтуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға, қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуға және тұтастай бүкіл кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.