Жалпы, талдауға сәйкес, Жүйелік оператордың деректері бойынша, Қазақстанның барлық электр станциялары 2021 жылы 114 447,9 млн кВтс электр энергиясын өндірді, бұл 2020 жылғы ұқсас кезеңнен 5,8%-ға артық. Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесінің барлық аймақтарында өндірудің өсуі байқалды.
Сонымен қатар, 2021 жылы 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан көрсеткіштерімен салыстырғанда республиканың электр энергиясын тұтыну динамикасында 6%-ға өсу байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік аймағында тұтыну 5%-ға, оңтүстігінде 9%-ға және батысында 7%-ға өсті.
2021 жылы 111 742,4 мың тонна тас көмір өндірілді, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (109 227,6 мың тонна) 2,3%-ға артық.
Осы кезеңде «Самұрық-Энерго» электр энергетикалық холдингінің құрылымындағы көмір өндіруші компания «Богатырь Көмір» ЖШС, 44 632 мың тонна көмір өндірді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға артық (44 436 мың тонна). Бұл үстіне 2021 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС 44 848 мың тонна көмір сатты, оның ішінде ішкі нарыққа 34 939 мың тонна босатылды, экспортқа (РФ) - 9 802 мың тонна жіберілді. 2021 жылы көрсеткіштері бойынша, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда «Самұрық-Энерго» АҚ-да көмір сатудың 2,5%-ға өскені байқалады.
Нарықты талдауға сәйкес, ҚР ЖЭК-ті (КЭС, ЖЭС, БГС, шағын ГЭС) пайдалану объектілерінің электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 4 220,3 млн кВтс құрады. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңімен салыстырғанда өсім 30,1%-ды құрады.
«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК объектілерінің (КЭС, ЖЭС, шағын СЭС) электр энергиясын өндіруі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 325,3 млн кВтс немесе ҚР-да ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясы көлемінің 7,7%-ын құрады.