К 30-летию Независимости Казахстана | 01 қыркүйек 11:22

2022 жылғы күзде кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Президент мандатының ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектелмек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент отырысында биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.

«Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.