К 30-летию Независимости Казахстана | 16 наурыз 12:40

2022 жылы Алашанькоу мен Қорғас станциялары арқылы 13,3 мың жүк пойызы өтті

Алашанькоу шекара бекеті арқылы өтетін жүк пойыздарының маршруты 100-ге жетті. Бұл туралы China Railway Urumqi Group компаниясы мәлімдеді, деп хабарлады Rail-news.kz.

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Алатау асуындағы Алашанькоу шекара бекетінен Еуропаға бет алған жүк пойыздарының маршруты 100-ге жетті.

2022 жылы Қазақстанмен шекарада орналасқан Алашанькоу және Қорғас станциялары арқылы Қытай-Еуропа бағыты бойынша 13,3 мың жүк пойызы өткен, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға артық.

Ал, 2022 жылы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан шығатын пойыздар саны 2021 жылмен салыстырғанда 21,5 пайызға артып, 1440 бірлікті құраған.