«KEGOC» АҚ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 7,2%-ға артып, 58 570,3 млн кВтсағ құрады. Бұл ретте 2022 жылғы желтоқсанда Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың рекордтық көрсеткіші тіркелді.
2022 жылғы 7 желтоқсанда тұтынудың ең жоғары көрсеткіші 16 459 МВт құрады, сонымен бірге еліміздің электр станцияларының жиынтық генерациясы 15 203 МВт құрады. Осындай жоғары жүктемелер кезінде «KEGOC» АҚ пайдаланатын Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) штаттық режимде сенімді жұмыс істеді.
Жүйелік оператордың электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтері 104 263,9 млн кВтсағ көлемінде, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтері 203 232,9 млн кВтсағ көлемінде көрсетілді.